SEARCH DATABASE
The Global Gender Equality Constitutional Database is a repository of gender equality related provisions in 194 constitutions from around the world. The Database was updated in partnership with the International Bar Association's Human Rights Institute (IBAHRI) and with support from the Swedish International Development Agency (SIDA) and the Government of Japan. Experience its wealth and depth of information by starting your search now.
Judicial Protection
- English
...
2. The Constitutional Court shall consider the appeals of the President of the Republic in the cases provided for by subparagraph 10-1) of Article 44 of the Constitution, as well as the appeals of the courts in the cases established by Article 78 of the Constitution.
3. The Constitutional Court on the appeals of citizens, shall consider the regulatory legal acts of the Republic of Kazakhstan that directly affect their rights and freedoms, enshrined in the Constitution for compliance with the Constitution of the Republic.
The procedure and conditions for the appeals of citizens to the Constitutional Court shall be determined by the constitutional law.
4. The Constitutional Court, upon the appeals of the Prosecutor General of the Republic shall consider the issues specified in subparagraphs 3) and 4) of paragraph 1 of this article, as well as the regulatory legal acts of the Republic of Kazakhstan for their compliance with the Constitution of the Republic.
5. The Constitutional Court, on the appeal of the Commissioner for Human Rights shall consider the regulatory legal acts affecting the rights and freedoms of a person and citizen enshrined in the Constitution for compliance with the Constitution of the Republic. (Art. 72) - Kazak
...
2. Конституциялық Сот Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – Республика Президентінің өтiнiштерiн, сондай-ақ Конституцияның 78-бабында белгiленген жағдайларда соттардың өтiнiштерiн қарайды.
3. Конституциялық Сот азаматтардың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін олардың өтініштері бойынша қарайды.
Азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі мен шарттары конституциялық заңда айқындалады.
4. Конституциялық Сот осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәселелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін Республика Бас Прокурорының өтініштері бойынша қарайды.
5. Конституциялық Сот Конституцияда бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Республика Конституциясына сәйкестігін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші бойынша қарайды. (72-бап)
Judicial Protection
- English
1. Everyone has the right to recognition of his/her legal personality and the right to protect his/her rights and freedoms by all means not contradicting the law, including the necessary defense.
2. Everyone shall have the right to legal defense of his rights and freedoms.
… (Art. 13) - Kazak
1. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.
2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
… (13-бап)
Judicial Protection
- English
The President of the Republic of Kazakhstan shall:
...
10-1) in the interests of protecting the rights and freedoms of man and citizen, ensuring national security, sovereignty and integrity of the state, sends an appeal to the Constitutional Court on consideration of the law or other legal act that has entered into force for compliance with the Constitution of the Republic, on giving an opinion in the case provided for in paragraph 3 of article 91 of the Constitution of the Republic of Kazakhstan;
... (Art. 44) - Kazak
Қазақстан Республикасының Президенті:
...
10-1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде, күшіне енген заңды немесе өзге де құқықтық актіні Республика Конституциясына сәйкестігіне қарау туралы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы Конституциялық Сотқа өтініш жолдайды;
... (44-бап)
Judicial Protection
- English
Courts shall not be entitled to apply the laws and other normative legal acts that infringe on the rights and freedoms of a human and a citizen enshrined in the Constitution. If the court sees that a law or other normative legal act to be applied infringes on the rights and freedoms of a human and a citizen enshrined in the Constitution, it shall be obliged to suspend the proceedings and apply to the Constitutional Court with a motion to recognize this act as unconstitutional. (Art. 78)
- Kazak
Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Сотқа жүгінуге міндетті. (78-бап)
Judicial Protection
- English
1. Judicial authority shall be exercised on behalf of the Republic of Kazakhstan and, by its purpose, has the protection of the rights, freedoms and legitimate interests of citizens and organizations and the enforcement of the Constitution, laws, other normative legal acts and international treaties of the Republic.
… (Art. 76) - Kazak
1. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзiне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды.
… (76-бап)