SEARCH DATABASE
The Global Gender Equality Constitutional Database is a repository of gender equality related provisions in 194 constitutions from around the world. The Database was updated in partnership with the International Bar Association's Human Rights Institute (IBAHRI) and with support from the Swedish International Development Agency (SIDA) and the Government of Japan. Experience its wealth and depth of information by starting your search now.
Head of State
- English
1. The President of the Republic of Kazakhstan shall be elected in accordance with the constitutional law by adult citizens of the Republic based on universal, equal and direct suffrage by secret ballot for a period of seven years.
2. A citizen of the Republic by birth who is at least forty years old, fluent in the state language, has lived in Kazakhstan for the last fifteen years and has a higher education, may be elected President of the Republic of Kazakhstan. The constitutional law may establish additional requirements for candidates for the President of the Republic.
… (Art. 41) - Kazak
1. Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды.
2. Республика Президентi болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар Республика азаматы сайлана алады. Конституциялық заңда Республика Президенттігіне кандидаттарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
… (41-бап)
Head of State
- English1. The President of the Republic of Kazakhstan shall be the head of the state, holder of the highest office determining the main guidelines of the domestic and foreign policy of the state and representing Kazakhstan within the country and in international relations.
2. The President of the Republic shall be a symbol and guarantor of the unity of the people and state power, the inviolability of the Constitution, the rights and freedoms of person and citizen.
3. The President of the Republic ensures the coordinated functioning of all branches of government and the responsibility of the authorities to the people. (Art. 40) - Kazak1. Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Республиканың Президенті - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
3. Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. (40-бап)
Government
- English
1. The President of the Republic of Kazakhstan shall:
…
3) after consultations with the factions of political parties represented in the Mazhilis of the Parliament, recommends the candidacy of the Prime Minister of the Republic to the Mazhilis for approval; with the consent of the Mazhilis of the Parliament appoints the Prime Minister of the Republic; dismisses the Prime Minister of the Republic; on the recommendation of the Prime Minister determines the structure of the Government; on the recommendation of the Prime Minister, made after consultations with the Mazhilis of the Parliament, appoints members of the Government; independently appoints ministers of foreign affairs, defense, internal affairs;
… (Art. 44) - Kazak
Қазақстан Республикасының Президентi:
...
3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; Республиканың Премьер-Министрін қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Үкіметтің құрылымын айқындайды; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қызметке дербес тағайындайды;
... (44-бап)
Government
- English1. The Government is formed by the President of the Republic of Kazakhstan in the manner prescribed by the Constitution.
2. Proposals on the structure and composition of the Government shall be made to the President of the Republic by the Prime Minister of the Republic within ten days of the appointment of the Prime Minister.
… (Art. 65) - Kazak1. Қазақстан Республикасының Президентi Үкiметтi Конституцияда көзделген тәртiппен құрады.
2. Республика Премьер-Министрi тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне ұсыныс енгiзедi.
… (65-бап)
Government
- English1. The Government exercises the executive power of the Republic of Kazakhstan, heads the system of executive bodies and manages their activities.
2. The Government is a collegial body and within its activities is accountable to the President of the Republic and Parliament.
...
4. The competence, organization and activities of the Government are determined by constitutional law. (Art. 64) - Kazak1. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
2. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің қызметінде Республика Президентінің және Парламенттің алдында жауапты.
...
4. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. (Art. 64)
Government
- English
1. The following shall be the exclusive responsibility of the Mazhilis:
…
2) acceptance of the President's candidate for Prime Minister by a majority vote of the total number of deputies of the Chamber;
… (Art. 56) - Kazak
1. Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:
…
2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;
… (56-бап)
Legislature
- English
1. Election of deputies of the Mazhilis is carried out on the basis of universal, equal and direct suffrage by secret ballot. The next elections of deputies of the Mazhilis are held no later than two months before the end of the term of office of the current convocation of the Parliament.
2. The election of deputies of the Senate shall be carried out on the basis of indirect suffrage by secret ballot. Half of the elected deputies of the Senate shall be re-elected every three years. In this case, their regular elections shall be held no later than two months before the expiry of their term of office.
...
4. A deputy of Parliament may be a person who is a citizen of the Republic of Kazakhstan and who has been a permanent resident for the last ten years on its territory. A deputy of the Senate may be a person who has reached thirty years of age, has a higher education and length of service of not less than five years, and has been a permanent resident for not less than three years on the territory of the respective region, city of republic significance or the capital of the Republic. A deputy of the Mazhilis may be a person who has reached twenty-five years of age.
5. Constitutional Law shall regulate elections of the deputies of the Parliament of the Republic.
… (Art. 51) - Kazak
1. Мəжілістің депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мəжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
2. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезектi сайлауы бұлардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткізiледi.
…
4. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.
5. Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі.
… (51-бап)
Legislature
- English
1. The Parliament shall consist of two Chambers: the Senate and the Mazhilis, which act on a permanent basis.
2. In the manner prescribed by the constitutional law, the Senate is formed by the deputies for two persons out of each region, city of republican significance and the capital of the Republic of Kazakhstan. Ten deputies of the Senate are appointed by the President of the Republic, five of them - at the recommendation of the Assembly of the People of Kazakhstan.
3. The Mazhilis consists of ninety-eight deputies elected in the manner prescribed by the constitutional law under a mixed electoral system: according to the system of proportional representation in the territory of a single nationwide constituency, as well as in single-mandate territorial constituencies.
… (Art. 50) - Kazak
1. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың он депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша Республика Президенті тағайындайды.
3. Мəжіліс конституциялық заңда белгіленген тəртіппен аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын тоқсан сегіз депутаттан тұрады.
… (50-бап)
Legislature
- English1. The Parliament of the Republic of Kazakhstan is the highest representative body of the Republic exercising legislative power.
… (Art. 49) - Kazak1. Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.
… (49-бап)